14 Қазан 2025 2025, 20:37
Фото: kopalniazlota.pl
Шахта қирап, 14 адам қаза тапты
Шахта қирап, салдарынан кемінде 14 адам қаза тапты
Венесуэлада шахта қирап, салдарынан кемінде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ABC News телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Венесуэланың Эль-Кальяо ауданында орын алған. Алтын кенішінде шахта ортасына құлап, адамдар зардап шеккен. Апат елдің оңтүстік-шығыс аймағындағы нөсер жаңбырдан кейін болған.
Шахтада іздестіру-құтқару жасағы жұмыс істеуде. Аман қалғандар болуы мүмкін деген болжаммен іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.