Шахматтан Қазақстан құрамасы елге оралды

Шахматтан Ұлттық құраманы жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері күтіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Польшаның Быдгощ қаласында өткен әйелдер арасындағы ІХ командалық әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы елге оралды, деп хабарлайды  Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Астана қаласының халықаралық әуежайынан ойыншылар мен бапкерлерді туыстары, достары, БАҚ өкілдері, Спортты дамыту дирекциясы мен Астана қаласы Спорт және дене шынықтыру басқармасының қызметкерлері зор ықыласпен күтіп алды.

Ұлттық құраманы жастардан жасақтап апарғанымыз біздің басымдығымызға айналды. Олар жылдам шахмат ойнауға бейім болады. Ереже бойынша әр жүріске 10 секундтан берілетінін айта кетейін. Бұл әсіресе Франция құрамасымен ойында қатты көмектесті. Иә, командадағы барлық ойыншы – жасөспірімдер, жастар арасындағы әлем чемпионы. Алайда ешқайсы мұндай ересектер арасындағы сында көзге түспеген. Сондықтан мамандардың көбі Польшадағы чемпионаттың «тосын сыйы» деп біздің шахматшыларды айтты. Соның ішінде Алуа Нұрманова ерекше көзге түсті. Алда маңызды бәсеке келе жатыр. Азия ойындарында команда сапын тәжірибелі Жансая Әбдімәлік пен Динара Садуақасова толықтырады. Негізгі қарсыласымыз Қытай мен Үндістанның да дайындығы жоғары жүріп жатыр, - деді Павел Коцур БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева Польшадан бірден Германияға кезекті жарысқа аттанды. Блиц шахматтан 2 дүркін әлем чемпионы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына алдағы аптада сол мемлекеттен аттанады.

Айта кетейік, биыл Қазақстан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында алғаш рет жүлдеге ие болды. Польшадағы сайыстың барлық жүлдегері (Грузия, Қазақстан, Франция) А тобынан шықты. Осы уақытқа дейін әйелдердің дүниежүзі додасында 7 мемлекеттің ойыншылары тұғыр сатысына көтерілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы