Шахматтан Азия құрлықтық чемпионатының жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды
Алматыда шахматтан Азия құрлықтық чемпионатында бақ сынасатын спортшылардың шеберлігі жайлы баспасөз конференциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, чемпионат Швейцария жүйесі бойынша, ФИДЕ ережесіне сәйкес 9 турдан тұрады. Оған Азияның 18 елінен 128 мықты ойыншылары қатысуда. Шараның жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов өз сөзінде, тамыз айында Ақтау қаласында шахматтан оқушылар арасындағы чемпионат ұйымдастырылатынын атап өтті.
Мемлекет басшысының қолдауымен Қазақстан шахмат спортының орталығына айналды. Халықаралық жарысты жиі өткізу, елімізде шахматтын дамытуға, шеберлігімізді шыңдауға септігін тигізіп жатыр. Болашақта шахматпен айналасатын жастардың қатарын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Ұйымдастырған шараға белсене араласқан спортшыларға алғыс білдіремін. Ашық чемпионаттың төрт жеңімпазы және әйелдер чемпионатының екі жеңімпазы Бакуде өтетін ФИДЕ–2023 әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады. Әлем кубогының жеңімпаздары шахмат әлеміндегі ең жоғары атақ – шахматтан әлем чемпионы атағы үшін таласады. Айта кетейік, осы жылы тамыз айында Ақтау қаласында шахматтан оқушылар арасында чемпионат ұйымдастырылады. Жарыста білікті де білімді жастарымыз бой көрсетеді деген сенімдемін, – деді Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) президенті, Freedom Holding Corp бас директоры Тимур Турлов.
Өз кезегінде Хишам Аль-Тахер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі шахматты дамытуға қолдау көрсеткені үшін, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен Тимур Турловқа чемпионатты осындай жоғары деңгейде өткізгені үшін алғысын білдірді.
Мен шахмматтан Азия құрлықтық чемпионатына қатысқан жастарға үнемі қолдау білдіремін. Алматы қаласында өтіп жатқан жарысқа көңілім толады. Тіпті жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Қазақ елінде жастардың басым көпшілігі, шахматқа қызғушылық танытатын байқадым. Бұл бізді қуантады. Жастардың білім, спорт саласында белсенді болғаны өте жақсы. Азия чемпионатына Маңғолия, Үндістан, Индонезия, Қытай, БАӘ және т.б елдерден үздік спортшылар қатысуда. Шахматшыларға сәттілік тілеймін, жарыста жүлделі атануларына тілектеспін, – дейді Азия шахмат федерациясының бас хатшысы Хишам Аль-Тахер ашты.
Спикерлер еліміздің әр өңірінде мектеп қабырғаларында шахмат қосымшалары ашылатынын атап өтті.
2016 жылы мектеп қабырғаларында 2-4 сынып арасында шахмат қосымшыларын жүзеге асырған едік. Дегенмен, пандемиядан кейін бұл жұмыс тоқтап қалды. Алдағы уақытта 30-дан астам мектептер де 1-4 сыныптар арасында шахмат курсын ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгін де шахматқа ерекше қызығушылық танытқан жастарымыздың арқасында осындай жарыстарды ұйымдастыру қиынға соқпады. Болашақта білімді де, білікті жастардың саны көбейеді деген сенімдемін, – дейді «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.
Ашылу салтанатынан кейін 1-ші тур өтті. Open-чемпионаттың бірінші турының қорытындысы бойынша қазақстандық гроссмейстер Ринат Жұмабаев қарсыласына аз да болса мүмкіндік бермей таза жеңіске жетті. Сонымен қатар Мұртас Қажгалеев, Денис Махнев, Нөгербек Қазыбек және басқалар жеңімпаз атанды.
Әйелдер чемпионатының бірінші турының қорытындысы бойынша Қазақстандық шахматшылар: Арнаш Бауыржан, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Амина Қайырбекова жеңіске жетті.