Шахмат ойнап үйренген мың оқушының білімі артқан

Шахмат ойнап үйренген мың оқушының білімі артқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Павлодар қаласында өткізілген эксперимент жайлы айтып берді.

Біз 1 600 оқушыны алып, оларды екі топқа бөлдік. Яғни 1 000 оқушыны бір топқа және қалған тағы 600 оқушыны екінші топқа жинадық. Сөйтіп сынақ жүргіздік. Шахмат үйренген 1 000 оқушы келесі жылы оқу басталған кезде олардың біліктілігі артты, интеллектуалдық деңгейі көтерілді, сонымен қатар математикадан үлгерімі артты, - деп айтты Гүлмира Дәулетова брифингте.

Сонымен қатар шахмат ойнаған оқушылардың сөйлеу дағдысы да жақсарған.

Шахматтың балаларға тигізетін әсері өте зор екенін көріп қуандық. Павлодар облысында 200-ге жуық мектепте шахмат бағдарламасы енгізілді, - деп айтты ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы