20 Қыркүйек 2026, 21:18 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Шахмат Олимпиадасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Германияны жеңді

Олимпиаданың алтыншы тур ойындары 21 қыркүйекте өтеді.

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Шахмат Олимпиадасының бесінші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Германияны 2,5:1,5 есебімен жеңді.

Бес сағатқа созылған кездесуде Меруерт Камалиденова Ханна Мари Клектен басым түсті. Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман және Елназ Қалиахмет қарсыластарымен тең ойнады. Осылайша Қазақстан құрамасы жеңісті сериясын жалғастырды.

Ерлер құрамасы бесінші турда Эстониямен 2:2 есебімен тең түсті. Сауат Нұрғалиев жеңіске жетсе, Денис Махнёв пен Даниал Сапенов партияларын тең аяқтады. Ал Алдияр Аңсат қарсыласына есе жіберді.

Олимпиаданың алтыншы тур ойындары 21 қыркүйекте өтеді.