Шах Жаһанның 409 жыл бұрынғы армян қызымен махаббаты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан 409 жыл бұрын 10 мамырда Ұлы моғол билеушісі Шах Жаһан шыққан тегі армян үндістандық Аржуменд Бану-Бегумға үйленген. Оның дәл осы ғашығына арнап салдырған Агра қаласындағы «Тәж-Махал» кесенесі «Архитектураның шыңы» саналады. Бүгінгі таңда заманауи әлемнің жеті кереметі біреуіне жатады.

Алдымен тарихқа қысқаша тоқталып өтсек. Ақсақ Темірдің ұрпақтары Үндістанды үш ғасырдан астам уақыт билеген. Оның ішінде Әмір Темірдің шөпшегі Бабыр Ауғанстанның тең жартысын, Үндістанның солтүстігін, орталық аймақтарын біріктіріп, 1526 жылы Ұлы Моғол империясын құрды. Бабыр құрған ұлы империя 1858 жылы ағылшындар басып алғанша өмір сүрді. Осы империяның бесінші билеуші – Шаббудин Мұхаммед шах Жаханның салдырған «Тәж-Махалы» бүгінгі таңда әлемдегі «махаббатың символына» айналып отыр.

 

«Тәждегі гауһар»

Шах Жаһанның жарымен танысуының бірнеше нұсқасы бар. Сондай аңыздардың біріне сүйенсек, бұл тұста ол әлі ұлы империяның бесінші билеушісі болмаған. Болашақ әйелі Мумтаз-Махалмен базар аралап келе жатып, кездейсоқ жолыққан. Көпшіліктің арасынан оның көзқарасы әдемі қызды өзіне баурап алған ағаш моншақтарды ұстаған жас қызды жұлып алды. Сол кезде ханзаданың қатты ғашық болғаны соншалық, ол қызға үйленуге шешім қабылдады.

Сосын бұл ғашықтық оқиға қатысты тағы бір аңыз нұсқа бар. Яғни Арджуманд Бано Бегум кедей отбасыдан емес екен. Керісінше, ұлты армян, Падишах Джахангирдің жақын серіктерінің бірі болған Абдул Абдул Хасан Асаф ханның отбасынан көрінеді. Ол Джахангирдің сүйікті әйелі Нұр-Джаханның жиені деген нұсқа бар.

Он бес жастағы ханзаданың Арджуманд Бано Бегумды Агра сарайының айналысында отырып, сүйікті қарындасы Гюлиге қарап тұрған кезде алғаш рет көргені туралы оқиға осы күнге дейін сақталған.

 

Кенеттен үлкен ит Гюли ойнап жүрген баққа қарай жүгіреді. Сол кезде Аржуманад Гюльді қорғаштап, итті қуып жібереді. Осы оқиғадан кейін болашақ тақ мұрагерінің ойынан жас ару шықпай қояды.

Ханзада Аржуманадты күн сайын бір көріп сөйлесу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады. Бұл махаббат хикаясы бүкіл Үндістанға таралды. 1612 жылы екі ғашықтың некесі қиылды. 

XVII ғасырда Агра қаласында ислам діні тарала бастаған еді. Билеушілердің гаремдері болған. Шах Жаһанның сұлу әйелді қатты жақсы көргендіктен, ол басқа әйелдерге Құранның нұсқауынан артық уақыт жұмсамады. Аржуманд ханзаданың екінші және ең сүйікті әйелі болды. Оны жұрт «тәждегі гауһар» деп атады.

«Бақытсыз махаббатты жырлау»
Ұлты армян үндістандық ару тарихта Мұмтаз махал есімімен қалды. Оның мағынасы – «Сарайдың тәжі» дегенді білдіреді. Мұндай мәртебелі атақты қайын атасы Жәңгір шах берген. Екеуі отасып, 17 жыл бақытты ғұмыр кешкен. Осы уақытта Мұмтаз 14 құрсақ көтеріпті. Соның жетеуі тірі қалды. Он төртінші перзентін босану кезінде дүниеден өткен. Мұмтаздың қазасы қабырғасына қатты батқан Жахан шах оған əлемде теңдесі жоқ ескерткіш қоюға бел байлайды. Жаһан шахтың ертегідей патшалығынан өзегін өртеген қайғысынан айықтырар ештеңе табылмаған: ұлы мемлекетті уысында ұстаған билік те, көл-көсір алтын, күміс, асыл дүние де, үндінің хор қызындай қылықты арулары да жұбаныш бола алмаған. Сыңарынан айырылған аққудай болған патша сүйіктісіне арнап, кейін әлемдегі жеті кереметтің біріне саналған Тәж Махал (ΧVII ғ.) ескерткіш-ғимаратын салдырып, өмірінің ақырына дейін соған қарап, шерін тарқатып өткен екен.


   «Өлмес махаббаттың символы»

Сүйікті жұбайы үшін Жанума өзені жағалауында бір кесене тұрғызу үшін Османлы, Иран елдерінен, Самарқанд, Бұхарадан сәулетшілер шақыртады. 1631 жылдан бастап 1648 жылға дейін кесененің құрылысы жалғасып, 5 жылдан кейін барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Сарайдың ең әйгілі компоненті – оның ақ мәрмәр күмбезі, ол сонымен қатар сыртқы түрі бойынша пияз деп аталады. Биіктігі – 35 метр. Сарай исламдық дәстүр бойынша алғашқыда алтын жалатылып салынса, кейіннен қоламен ақталған. Мешіттің биіктігі – 74 метр. Төрт мұнарасы қарама-қарсы бағытта арнайы периметр пішінде салынған. Сондықтан қабірдің құлап кету қаупі жоқ. Сарайдың өзі ішінде екі қабірден басқа ештеңе жоқ. Онда Шах пен оның әйелінің мазары бірге орналасқан. Кейбір деректе бас архитектор түрік нәсілді Иса Мұхаммед және тәжік ұста Ах­мад Лахори деп жазылған.

Шах Жаһан әйеліне арнап ақ мәрмәрдан салдырған Тәж Махалға қарама-қарсы қара мәрмәрден өзіне арнап екінші Тәж Махал да салмақ болған. Бірақ Ауренгзеб әкесіне екінші Тәж Махалды салдыруға рұқсат етпеген. Бірақ өлген соң әкесінің сүйегін әлемдік архитектураның шедеврі Тәж Махалда мәңгілікке тыныстап жатқан Мұмтаз-Махалдың қасына қойғызады.


Ағылшын суретшісі, ақыны Эдвард Лир «Адамдар екі түрге бөлінеді: Тәж Махалды көргендер және көрмегендер» деген екен.

Осы күні жылынаТәж Махалды көру үшін миллиондаған турист келеді. Үндістанның экономикасына қаншама қаржы түсіріп отырған әйгілі ғимаратты салдырған қыпшақтардың билеушісі болған Шах Жаһан екенін тағы бір еске түсіргіміз келген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы