Астанада айына 1,4 мың ШОБ субъектісі ашылады

Астана, baq.kz. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21,9% артты, жұмыспен қамтылғандар саны 6,2% өсті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Іскерлік белсенділіктің және ең алдымен кәсіпкерліктің өсуіне «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру септігін тигізді. 2010 жылдан бері бағдарлама бойынша 177,3 млрд теңгені құрайтын 1 028 жоба мақұлданған, оның ішінде 2018 жылы - 32,3 млрд теңгеге 132 жоба.

Бағдарламаны іске асыруда әлеуметтік-экономикалық әсері, бұл осы уақытта сақталған 9 мыңнан асатын және жаңадан ашылған 5,3 мың жаңа жұмыс орны. Кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім өндіру көлемін 17,7% - ға арттыруға мүмкіндік берді, жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 21,9% - ға, жұмыспен қамтылғандар саны – 6,2% өсті.

Астанада ай сайын 1,4 мың ШОБ субъектісі ашылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы