Шағын және орта бизнес 2%-бен қаржыландырылады – Досаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету кредиттік қаржыландыру тәсілімен қарастырылған. Бұл турлаы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың сөзіне сәйкес, «Алматы бизнес» қалалық бағдарламасы аясында ШОБ-ты жылдық 2%-бен қаржыландыру қарастырылған. Ал, бизнес ашу үшін 1,2 млн теңгеден қайтарымсыз гранттар беріледі.

Сондай-ақ, жастарды қолдау үшін жастар практикасы бойынша жалақы 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейіп, биыл 122,5 мың теңгені құраған.

Ауданның даму әлеуеті айтарлықтай. Ауданда Алматы индустриалдық аймағы орналасқан, бүгінде онда 19 жоба іске асып жатыр. 114 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. 3200 тұрақт ыжұмыс орыны ашылды. Биыл индустриалды аймақт а10 өндірісті іске қосу арқылы 820-дан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Бұл салық түсімдеріне оң әсер ететіні белгілі, – деді қала әкімі.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы