Шағын, орта кәсіпкерліктің үлесі 15 пайызға жетпейді – «Байтақ» партиясы төрағасы

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы төрағасы Азаматхан Әміртаев «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өткен пікірсайыстың екінші раундында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Ол 30 жыл бойы «баю керек, дүние табу керек, кәсіпкерлікпен, бизнеспен айналысу керек» деген Қазақстанда шағын, орта кәсіпкерліктің үлесі 15 пайызға жетпейтінін сынға алды. Азаматхан Әміртаев елімізде үлкен бизнестер екенін атап, қоршаған ортаға шығарылған 364 миллион тонна көмірқышқыл газының 48 пайызын 120 кәсіпорын жасап отырғанын айтты. Сондай-ақ ракпен ауыратын адамдардың көпшілігі сол кәсіпорындар орналасқан аймақтардан екенін жеткізді. Оның ойынша, елімізге жасыл экономиканы дамытып, инвестиция тартып, қайта өңдеуді қолға алу керек.

Кәсіпкерлікті дамыту деген – дарынды, іскер адамдарды қолдау. Әр адам осы өмірге келгенде ол белгілі дарынмен туады. Сол дарынды дамыту керек. Оны дамытатын мүмкіндіктер болу керек. Бірінші орынға ақшаны қоятын болсақ, тек материалдық ресурсты қоятын болсақ, біздің мемлекетіміз рухани азып кетеді, – деді ол.  

Сонымен қатар, партия төрағасы халықтың наразылықтарына да тоқталып өтті. 

Қазақстанда 90 пайыз халықтың наразылығы ол – әлеуметтік мәселе. Қарапайым тұрғын үй мәселелері. Дұрыс жол жоқ, жылу жоқ. Сайлауалды бағдарламамызда қаншама халықпен кездестік. Мысалы, бір тұрғын үй алаңына AllurAuto өз автосалонын салып жатыр екен, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы