Шаған өзенінің жағалауын нығайту жұмысы жалғасуда
Шаған өзенінің жағалауын нығайту жұмысы үшін бүгін 17 мың құм толтырылған қапшық дайындалып, саяжайларға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Су тасқыны кезеңі басталғалы 100 мың қапшық әзірленген. Бұл жұмысқа «Жайық таза қала» ЖШС, 5517 әскери бөлімінің және өзге өңірлерден келген әскери қызметшілер тартылды. Сондай-ақ «БҚО Таулы Қарабах ұрыс қимылдарының ардагерлер қоғамының», «Зенит» зауытының қызметкерлері өз еріктерімен жұмылдырылды.
Шаған өзенінің жағасын нығайтуға сол жерде орналасқан саяжай тұрғындары, волонтерлар, спортшылар, студенттер және өзге де көмек қолын созған оралдықтар атсалысуда, - деп жазылған әкімдіктің парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы