Шабуыл сатысы бойынша көтерілу: Қазақстандық құтқарушылар ұлттық рекорд орнатты

Қытайда өтіп жатқан Әлем чемпионатында ерлер арасында шабуыл сатысы бойынша көтерілуден Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы XIX әлем чемпионатының бірінші кезеңі өтті.

Екінші алдын ала жарысы барысында Қазақстан Республикасы ерлер ұлттық құрамасының спортшысы Текенов Бауыржан 13,3 секунд нәтижесімен Қазақстан Республикасының Ұлттық рекордын орнатты.

Командалық есепте Қазақстан Республикасының ерлер ұлттық құрамасы чемпионат иелері Қытайға қоладан 0,9 сек айырмашылықпен ұтылып, 4 орынға ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы