Шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа шаралары қандай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында  шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа шаралары қандай болатынын айтып берді.

Қазіргі уақытта 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жаңа редакциясын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа экономикалық бағыттың негізгі бағдарлары айқындалатын болады. Экономиканың одан әрі бағытының маңызды бөлігі кәсіпкерлікті дамытудың "жаңа күн тәртібі" болады, - деді министр.

Руслан Дәленов реттеушілік апелляция институтын енгізу көзделіп отырғанын айтты. 

Кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастықтың шағымдары бойынша апелляциялық тәртіппен орталық және жергілікті атқарушы органдар актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру тетігін енгізу ұсынылады. Яғни, бизнеске кедергі келтіретін шешімдер тез жойылуы және түзетілуі мүмкін, - деді ол. 

Министр атап өткендей, бақылау мен қадағалаудан түсетін жүктемені төмендету қарастырылып отырғанын айтты. 

Бұл жоспарлы тексерулерден "кәсіпорындарды диагностикалауға" көшу. Бизнестің мұндай диагностикасы жауапкершілікке тартпай жүргізілетін болады және жоспарлы тексерулер санын азайтуға мүмкіндік береді. Нарыққа кіруді жеңілдету үшін лицензиялар мен рұқсаттарды максималды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады, - деді ол. 

Дәленов қызметтерді цифрландыру аясында бизнес үшін барлық қызметтерді электрондық нысанда толық қамтуды қамтамасыз ету ұсынылатынын айтты.

Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Шағын және орта бизнес пікір "жетекшілерімен" тікелей өзара іс-қимыл күшейтіледі. Жаңа орта мерзімді шараларды іске асыру кәсіпкерліктің сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, - деді ол. 

Министр атағандай, жеңілдетілген қаржыландыру құралдары жаңа кәсіпкерлік бастамалар үшін маңызды демеу болады.

Осының барлығы 2025 жылға экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 35%-ға дейін арттыру стратегиялық міндетінің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы