Шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Шағын және орта бизнес күрделі кезеңнен өтіп жатыр. Пандемияның барлық күрделі кезеңін бастан кешірді. Экономикалық ауыр кезеңнен өту үшін 700 мың бизнеске салықтық жеңілдіктер ұсынылды. Несиелерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілді. Алайда жағдай әлі де күрделі. Шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде зардап шеккен саладағы бизнеске мемлекеттік субсидиялау арқылы барлық несие бойынша жылына 6 пайыздық ставка қойылады. Субсидиялау 16 наурыздан бастап 12 айды жабады, - деді ол.Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев АӨК-ні дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырған еді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы