Ұшақта маска тақпағандарға 30 АЕК айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық әуе тасымалдаушылар ұшақта маска тағудан бас тартқан жолаушыларға 1 416 780 теңге айыппұл салынғаны туралы айтты.

Air Astana жолаушылардан бүкіл рейс бойы масканы тағып, оны тек тамақтанған кезде шешуге міндетті екенін тағы да ескертеді. Бұл көлік жөніндегі бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген. Маска тағу тәртібін және басқа карантиндік талаптарды бұзушылар одан әрі әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады. Соңғы 4 айда маска тағу тәртібін бұзғаны үшін 17 жолаушыға жалпы алғанда 1 416 780 теңгеге айыппұл салынды, - делінген таратылған ақпаратта. 

Айыппұл мөлшері - 30 АЕК (83 340 теңге). Сонымен қатар жолаушылар өздерінің іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Маска тағу тәртібін сақтамау салдарынан рейстің кешігуі немесе жоспардан тыс қону әуе компаниясына он мың АҚШ долларына шығын келтіруі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы