Ұшақ апатынан зардап шегіп, көмек алмай отырғандардан хат келді – Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында BEK AIR компаниясының ұшағы құлаған кезде зардап шеккен тұрғындардың арасында еңбекке жарамсыз болып қалғандарына неліктен көмек көрсетілмей отырғаны туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдан сұрады.

ҚР президенті еліміздің әуе кеңістігіне кіргісі келетін шетелдік ірі әуекомпанияларына қатысты сұрақты премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдан сұрады. 

 

"Ашық аспан" режиміне шетелдік әуекомпаниялар қызығушылық білдіріп отыр. Бірақ қысқы кесте құрастырылып қойған соң, көктемгі және күзгі кестеде ірі әуекомпаниялар қосылады деген үміттеміз. Оларға ашық аспанның 5-деңгейдегі еркіндігі беріледі, - деді Роман Скляр. 
 

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселенің ел инвестициясы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, келесі сұрағын Алматы маңында апат болған BEK AIR  компаниясының ұшағында болып, зардап шеккен қазақстандықтардан хат түскенін мәлімдеді. Айтуынша, апат салдарынан еңбекке жарамсыз болып қалғандар бар. Оларға қандай көмек көрсетілгені туралы Роман Склярдан нақтылады.  

Бұл мәселеге мен өте мән беремін. Себебі, әңгіме елеміздің инвестиялық тартымдылығы және жалпы Қазақстанның сыртқы әлемге ашықтығы жайлы болып отыр. Екінші сұрақ. Өкінішке қарай, ұшақ құлады. Маған зардап шеккендерден компенсация алмағаны туралы хаттар түсіп жатыр. Кейбіреулері ауруханада жатыр, еңбекке жарамсыз болып қалғандары бар. Бұл мәселе қалай шешіліп жатыр? – деді мемлекет басшысы.  

Сіздің тапсырмаңыз бойынша қайтыс болғандардың отбасына бюджеттен 4 млн теңгеден ақшалай көмек берілді. Бұдан басқа сақтандыру компаниясы жақын күндері сақтандыру ақшасын аударады. Құжаттамалық жұмыстар аяқталды, - деді Роман Скляр.  

Оның жауабына қанағаттанбаған президент сұрақты қайта қойды. 

Ал, аман қалып, бірақ жарақат салдарынан әлі ем қабылдап жатқандардың жағдайы қалай? Олар жұмысқа жарамсыз болып қалды, - деді Тоқаев.  

Бұл категориядағы адамдарға жергілікті атқару органдары мен Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан көмек көрсетіледі. 52 адам зардап шекті, - деп жауап берді премьер-министрдің орынбасары.  

Осы жұмысты тездетуді өтінемін. Зардап шеккен адамдар Үкіметтен және жергілікті атқару органдарынан көмек алу керек. Өңірдегі әкімдерге осы мәселеге назар аударуды шақырамын, - деп түйіндеді президент.  
 

Бүгін сағат 10.30-да 2020 жылдағы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. 

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің 2020 жылдағы жоспарымен таныстырды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында есеп берген ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың баяндамасынан кейін ел президенті одан Ұлттық қордағы активтер туралы сұрады.

Сапарбаев президент сұрағаны қағазға қарамай жауап берді. Сонымен қатар, Ахметов 20 млрд теңгенің неге жұмсалатынын айтты. Сондай-ақ президент Ақтөбе облысы әкіміне тапсырма берді және президент еңбек өнімділігінің өсімі жайлы айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. 27 желтоқсанда сағат 07:05-те Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен ұшып шыққан "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кеткен еді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы