ШҚО жәрмеңкеге 60 тонна бал, 45 тонна ет, 10 тонна қымыз әкеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 28-29 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан шатыр» (Тұран және Д.Қонаев көшелерінің қиылысы) сауда орталығының жанында өтеді.
Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан облысынан 15 аудан мен екі қала қатысады. Онда 15-тен астам өнім ұсынылады.Жәрмеңкеде құны 224,7 миллион теңге тұратын 310 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады.
«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына 60 тоннадан астам бал, 5 тонна шұжық, 15 тонна сүт өнімдері, 5 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз бен ұлттық бұйымдар, панты өнімдері, 150 тонна картоп пен басқа азық-түліктер ұсынылады», - делінген хабарламада.Жәрмеңкеде ұсынылатын барлық өнім санитарлық-ветеринарлық талаптарға сәйкес келетінін дәлелдейтін құжаттар болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері арзан бағамен саудаланады. Концерттік бағдарлама болады.
Жәрмеңке екі күн бойы сағат 9.00-18.00 аралығында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар салық төлемдері туралы SMS хабарлама алады
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы