ШҚО өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжамы бойынша, облыс аумағында 23-25 маусым аралығында нөсер жаңбыр жауады. Соның салдарынан өзендер арнасынан тасуы мүмкін. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Бұл туралы ШҚО ТЖД ескертеді.

«Қазгидромет» РМК филиалының ақпараты бойынша, 23 - 25 маусым аралығында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі», - деп жазылған департаменттің хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы