ШҚО: тұрғындарға су басу қаупі туралы ескертілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 17-19 наурыз аралығында еріген қар мен жаңбыр суының тасқыны күтілуде. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17-19 наурыз аралығында күн күрт жылынып, жауын жауады.
Ауа температурасының жоғарылауы сақталатындықтан және жауын-шашынға байланысты ШҚО аумағында 17-19 наурыз аралығында қар жамылғысының жылдам еруі және мұз көбесінің сөгілуі болжанады. Осы ретте тұрғындарға тасқын кезіндегі іс-қимыл ережелері түсіндіріліп жатыр, - деп хабарлады департамент өкілдері.
Биыл шығыс өңірі бойынша 1 миллионға жуық текше метр қар шығарылған.
Осыған дейін Шығыс Қазақстандағы 108 елді мекенді су басу қаупі бар екені айтылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тараз: коронавирус жұқтырған адам анықталды деген ақпарат жалған
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы