ШҚО облысында көпір жөнделіп, су құбыры тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО облысы, Көкпекті ауданының орталығындағы 11 көшеге қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған тиісті қаражат қарастырылған. Бұдан бөлек, Тассай ауылындағыкөпір жөнделіп, Үлкен Бөкен ауылына ауызсу құбырлары тартылады.

«Көкпекті мен Самар ауылдарының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаруа атқарылуда. Ал бұған дейін Бастаушы мен Теректі ауылдарына су құбырлары тартылды. Оған халық дән риза. Қазір бұл жұмыстар Үлкен Бөкен ауылында жалғасын тапты», - деді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Талант Бақытбекұлы.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Джилкешевтің айтуынша, Тассайдағы көпір мен автомобиль жолындағы құбырға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Бұл жобаның жалпы құны 53 миллион теңгені құрап отыр», - дейді Қайрат Джилкешев.

Ресми дерек көздеріне сүйенсек, аудан халқының 95,5 пайызы 2022 жылға дейін сапалы ауызсумен қамтылады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы