ШҚО-ның үздік дәрігерлері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы үздік дәрігерлер анықталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 6 желтоқсан күні "Үздік отбасылық дәрігер және оның командасы" атты республикалық конкурс жариялады. 19 желтоқсан күні 14:00-де дауыс беру аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дауыс берушілердің саны 248 мың болған. Байқау нәтижесіне сәйкес әр өңірдің үздіктері белгілі болды.

Шығыс өңірі бойынша Семей қаласындағы №12 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының қызметкері Сайра Айтхожина мен Көкпекті ауданындағы №2 ауруханада жұмыс істейтін Сабира Зяданова үздік дәрігер деп танылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы