ШҚО-ның шекаралық бекеттерінің барлығында санитарлық-карантиндік пункттер ұйымдастырылған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстандағы шекаралық бекеттердің барлығында санитарлық-карантиндік пункттер ұйымдастырылған.

Корнавирус инфекциясының жаңа штаммы елімізде анықталуына байланысты Шығыс Қазақстанның санитарлық қызметі күшейтілген режимге көшірілді. 

Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирге шыққан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрланғазы Ибраев хабарлады.

Қазіргі уақытта аймақтағы санитарлық қызмет негізгі үш бағытта жұмыс жүргізуде. Атап айтсақ, бұл бағыттардың ішіне – түрлі санаттағы елдерден келген азаматтарды мониторингтау, яғни шетелдерден келген адамдарды және олармен тығыз байланыста болған таныстарын бақылауға алу кіреді. Бұл шаралар аясында үй жағдайында карантинде жатқандарға қоңырау шалып, жағдайларын біліп отыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ еліміздің Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы шетелдік кеден бекеттерінде санитарлық-карантиндік пункттер ұйымдастырылды. Бұл бағытта аталмыш дерт бастала салысымен Қытай Халық Республикасымен байланыс жасалатын Бақты және Майқапшағай кеден бекеттерінде санитарлық-карантиндік пункттері орнатылған болатын. Ол жерлердегі мұндай пункттер әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрғанымен, ондағы белсенділік қазіргі уақытта төмен. Тек жүк тасымалдау жұмыстары ғана жүргізілуде, - деді Нұрланғазы Ибраев өз баяндамасында.

Сондай-ақ, мұндай бес санитарлық-карантиндік пункт Ресей Федерациясымен алыс-беріс жасайтын кеден бекеттерінде де ұйымдастырылған. Оларда термометрия жүргізіліп, кіріп-шыққан адамдар арасында сауалнама жүргізіледі. Департамент басшысының хабарлауынша, әзірге аталмыш кеден бекеттерінен қауіпті вирус кеңінен таралған елдерден келген азаматтар өтпеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы