ШҚО мешіттері бетперде дайындап, елордаға жөнелтпек
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZтілшісі. Өңірдегі мешіттердің қызметкерлері карантинге жабылған елорда тұрғындарына арнап қорғаныш бетперделерін тігуде.
Әлемге жайылған короновирус індетінің алдын алу және тұрғындарды сақтандыру мақсатында Шығыс Қазақстандағы бірқатар мешіттер игі істі қолға алып, қорғаныш масқаларын тігуді бастады. Қажетті затты "Жүрек жылуы" акциясы аясында елордадағы мұқтаж жандарға беруді мақсат тұтқан мешіттердің қызметкерлері бірнешеше күнде мыңдаған масканы жөнелтуді жоспарлап отыр.
Екі күннің ішінде 1278 дана масканы тігіп үлгердік. Ертең, яғни қасиетті жұма күніне дейін 6мың маска тігу доспарда бар. Осынша маска тігіп болсақ, қайырымдылық қораптарының ішіне он маскадан салынып, Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілетін болады. Ол қораптарда жалғыз ғана маска емес, сондай-ақ адам баласы күнделікті қолданатын басқа да заттар болады. Бұл жерде жасалып жатқан дүниелердің барлығы халықтан келген береке. Қазіргі уақытта қиын-қыстау күндерді бастан кешіріп жатқан аймақтарға қажетті заттарды жіберу арқылы біз өзіміздің көпшілікпен бірге екендігімізді көрсетеміз, - дейді Өскемен қаласындағы "Халифа Алтай" мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы.
Салауатты іске Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігінің насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің "әйел-қыздар" секторының 20-дан астам ерікті қыз-келіншектері қосылды.
Біз мешіт жамағаты ретінде өз еркімізбен мешітке келіп, ел игілігі үшін маска тігіп жатырмыз. Осылайша, қолдан келген көмекті көрсетуді ойластырып отырмыз, - деді ерікті Гүлдариға Мүшебаева.
Сондай-ақ, бұл игілікті іске Глубокое, Ұлан, Көкпекті аудандары мен Риддер қаласының тігіншілері де қосылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қашықтықтан оқытуға дайындық жүргізіліп жатыр
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы