ШҚО мен Павлодарға ортақ табиғи апаттан құтқарушы батальон жасақталды
Астана, BAQ.KZ. ШҚО-да су тасу маусымының алдын ала арнайы құтқарушы батальон құрылды, деп жазады Аltaynews.kz.
«Алматыдағы №68303 бөлімше жаңа орынға қайта жасақталды. Яғни Семейге келді», – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері Бағдат Амангелді.
Енді олардың алдында халықты табиғи және техногендік апаттардан құтқару міндеті тұр. Олар тек қана Шығыс Қазақстан емес, Павлодар облысына да көмек қолын созады.
Бұған дейін ШҚО-да наурыз айының басында күннің +8 градусқа дейін жылынатынын айтқан болатынбыз. Күн жылыса, қар еріп, өзендердің тасуы ықтимал. Соның салдарынан жүз ауылға тасқып қаупі төніп тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда «Қала келбеті» акциясы басталды
Келесі жаңалық
Жапонияда жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы