ШҚО медицинасына 22 млрд инвестиция құйылған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы үш жылда өңірдің медициналық ұйымдарына 22 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылған.

Бұл туралы бүгін өңір тұрғындары алдында есеп берген облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.

Азаматтардың өмір сапасының аса маңызды көрсеткіштерінің бірі денсаулық болып табылады. Нақ осы себепті медицина мәселелеріне жіті көңіл бөлінуде. Біз алдымызға денсуалық сақтау саласын дамытуды қуудан озушыға өзгерту міндетін қойып отырмыз. Сондықтан халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 1086 бірлік заманауи құрал-жабдық сатылып алынды. Бұл жоғары технологиялық медициналық техника көлемін 2,5 есе ұлғайтуға, диагностиканың және емдеудің 130 мыңнан астам жаңа әдістерін енгізуге және халықаралық аудиттің міндеттерін 100 пайыз орындауға мүмкіндік берді, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Облыс науқастарын ерте диагностикалауды және емдеуді жақсарту үшін өткен жылы Онкология және хирургия орталығына соңғы үлгідегі 3,0 қуаттылығы бар МРТ Тесла сатылып алынды. Онкологиялық диспансерде және Ана мен бала орталығында 128 кескін жасайтын екі компьютерлік томограф орнатылған.

Сонымен қатар ауыл-аймақтағы медицинаны дамытуда маңызды шаралар қабылданып, бекітілген стандарттарға сәйкес, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсететін мекемелер толықтай құрылғылармен жабдықталды. Нәтижесінде, соңғы бес жылда қолға алынған шаралардың арқасында бала өлімін 28 пайызға, қанайналымы жүйесінің аруларынан орын алатын өлім көрсеткішін – 7 пайызға, өкпе дертінен болатын өлім 66 пайызға азайды, - деп қосты өңір басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы