ШҚО әкімдігінің аппарат басшысы ауысты
Астана, baq.kz. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып Жасұлан Сәрсенбаев тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жасұлан Бірлікұлы Сәрсенбаев 1986 жылы 22 шілдеде бұрынғы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Мамандығы заңгер. Еңбек жолын «Жас заңгерлер Қазақстандық Қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Семей қаласы бойынша филиалының директоры болып бастаған.
Әр жылдарда Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктер және саяси партиялармен жұмыс бойынша бөлімнің бас маманы, мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2015 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы болып қызмет еткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай мен Толстой музейлері арасында меморандум жасалынды
Өзгелердің жаңалығы