ШҚО әкімі шекара маңындағы аудандардың қалай дамитынын айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Facebook-тегі жеке парақшасында жазды. 

Қымбатты достар, бүгін 2020-2024 жылдарға арналған шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын қарадық. Кешенді жоспар бес ауданды, атап айтқанда, Күршім, Тарбағатай, Зайсан, Катон-Қарағай және Үржарды қамтыды. Жалпы оны жүзеге асыруға алдағы бес жылда алдын ала есеп бойынша 150 млрд теңгеден астам қаржы қажет, - деп жазды Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, жоспарда шекара маңындағы аудандарда шағын және орта бизнесті дамыту жолдары да қарастырылған. 
Айта кетейін, жоспарда шағын және орта бизнесті дамытудың тиімді шарттары қарастырылған. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша нақты іс-шаралар қабылданады. Сонымен қатар тұрғын-үй коммуналдық құрылым, денсаулық және білім салаларына қатысты проблемаларды да шешетін боламыз. Басты мақсат – тұрғындардың көшуін азайту. Кешенді жоспарда әлі де кемшін тұстары бары рас. Аталмыш аудан әкімдері жыл соңына дейін әр тармақ бойынша тиісті деңгейде жұмыс жүргізіп, жаңа жылдың алғашқы аптасында жоспарды қорғайды. Одан кейін өздеріңізге уәде еткендей, аудан тұрғындарына таныстырамын, - деп бөлісті облыс әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы