ШҚО фермерлері Алматыға 40 тонна бал әкеле жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Қарашаның 16-17 күндері Алматы шаһарының Астана алаңында Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Жәрмеңкеге Өскемен, Семей және облыстың тоғыз ауданынан 52 млн теңге сомасындағы 90 тонна ауыл шаруашылық өнімдері жеткізілмек. Сондай-ақ жәрмеңкеге Алматының 50-ге жуық азық-түлік сататын кәсіпорындары қатысады.
Алматы тұрғындарына қолжетімді бағамен 40-тан астам тауар түрі ұсынылады. Оның 22 тоннасы ет және балық өнімдері, 3 тонна сүт өнімдері, сонымен қатар 46 тонна Шығыс Қазақстанның әйгілі балы жеткізіледі, - делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұл осы жылдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің ең соңғы жәрмеңкесі. Бұған дейін қалада Алматы мен Түркістан облыстарының қатысуымен кеңейтілген жәрмеңке өткен болатын. Онда 200 млн теңге сомасындағы 360 тонна өнім сатылған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы