ШҚО-да "Жұмыспен қамтудың жол картасы" әлеуметтік әсер беруде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс өңірінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 20 мың жұмыс орны құрылады.
Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттарына хабарлаған өңір басшысы Даниал Ахметов 817 инфрақұрылымдық жоба бойынша облысқа 77 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.
Бірінші шілдеге қарай республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің 12,6 миллиард теңгесі игеріліп, қаржыландыру жоспарының 98 пайызы орындалды. Осының арқасында 343 жоба аяқталып, 17,3 мың уақытша жұмыс орны ашылды, яғни жоспарланған меженің 92 пайызы орындалды, - деді облыс әкімі.Аймақ басшысының айтуынша, Өскемен әуежайын қайта жаңғырту, екі жатақхананы қолданысқа беру, Семейдегі онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығының құрылысын аяқтау, Өскемендегі онкологиялық және хирургиялық көпсалалы орталық пен облыстық аурухананы қайта жаңғырту "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының жүзеге асуындағы экономикалық нәтиже болмақ.
Сонымен қатар, әлеуметтік саланың 394 нысаны жөнделіп, 87 шақырым ауызсу құбырлары, 546 шақырым жол мен көше, 79 аула қалпына келтірілді, 51 балалар және спорт алаңдары орнатылды.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының әлеуметтік әсерінің тағы бір қыры – 20 мың жұмыс орнының ашылуы, - деп қосты Даниал Ахметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы