ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге Көкшетаудан әлемдегі ең үлкен тікұшақ көмекке кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Көкшетау қаласынан әлемдегі ең үлкен Ми-26Т тікұшағы ұшып шықты, деп хабарлады ісшкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сағат 07:45-те Көкшетаудан ШҚО Бесқарағай ауданындағы орман өртін сөндіруге арналған суағар құрылғысы бар әлемдегі ең үлкен МИ-26Т тікұшағы ұшып кетті. Борт бір реттік салмағы 10 тонна су тасуға мүмкіндігі бар, - деді баспасөз қызметі.Сонымен қатар, баспасөз қызметі бортта Көкшетау гарнизонының жеке құрамының 30 адамы бар екенін атап өтті. Олар өртті сөндіруге тікелей қатысатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО-да вирус табылған 6 адамның 5-еуі Ресейден келген
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы