ШҚО-да праймеризге тіркелушілердің көбі өзін-өзі ұсынушылар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 17 тамыздан бастап Nur Otan партиясының праймеризіне қатысу үшін үміткерлерді тіркеу басталды. 3 күн ішінде Шығыс Қазақстанда 309 адам тіркелді, оның 43%-ын әйелдер, 26%-ын жастар құрады.
Бұл туралы Nur Otan партиясы ШҚОФ бірінші орынбасары Олег Чугунковтың Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Тіркелген 309 адамның 206-сы өзін-өзі ұсынушылар. Партиялықтардың белсенділігі бізді қуантады. Басты мақсат-праймеризге мүмкіндігінше көп адамды қатысуға шақыру. Бізге 1200-ден астам өтініштер келіп түсті, олар әлі де жалғасуда. Кандидаттар саны бірнеше есе көп болатынына сенімдімін, - деді Олег Чугунков.
Үміткерлерден өтінімдерді қабылдау 28 тамызға дейін жалғасады. Содан кейін кандидаттарды үгіт-насихат жұмыстары, пікірталастар және тікелей дауыс беру процесі күтеді.
Жалпы, қазіргі уақытта ашық және адал партияішілік сайлау өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, ең бастысы - барлық қатысушыларға ашықтық пен тазалықты, тең мүмкіндіктер мен бәсекелестікті қамтамасыз ету.
Праймеризге тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар өз өмірін мемлекетіміздің дамуына арнағысы келетін әрбір белсенді азамат қатыса алады. Праймериз өзекті мәселелерді көтеруге және кейіннен оларды шешуге қол жеткізу бағытталған. Сондықтан біз нақты көшбасшыларды көргіміз келеді, - деп қорытындылады Nur Otan партиясы ШҚОФ бірінші орынбасары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында картоп өсіру ісі жаңа деңгейге көтерілуде
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы