ШҚО-да #Маскатағыңыз акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы еліміздің барлық аймағын қамтыған акцияны қолдады. Қазақстан Халқы ассамблеясының еріктілері мен Өскемен қаласы "Жаңғыру жолы" жастар штабының мүшелері #МаскаТағыңыз акциясын қолдады. Іс-шараның мақсаты - азаматтарға гигиена ережелерін сақтау қажеттілігін еске салу болды, бұл өздерін және басқаларды инфекциядан қорғауға көмектеседі.
Белсенділер халыққа қорғаныс құралдарын қалай қолдану керектігін түсіндірді: маскалар, қолғаптар және антисептиктер мүмкіндігінше көбірек қолданылуы керек.Пандемия кезінде адамдармен профилактикалық жұмыс ерекше маңызды. Медициналық ұсыныстарды сауатты түсіндіру біздің отандастарымызға өз денсаулығының және жақындарының денсаулығының қауіпсіздігі мәселелерінде неғұрлым сауатты болуға көмектеседі. Сонымен қатар, біз халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына: қарттар мен мүгедектерге қолдау көрсетеміз. Сондықтан біз бұл акцияға қосылуды ұйғардық, өйткені басқаларға көмектесу арқылы біз қоғамды біріктіреміз, - дейді "Жаңғыру жолы" штабының жетекшісі Равиль Юнусов.Карантиндік шаралар мен жеке қорғану шараларын сақтау туралы қосымша шақыруларды белсенділер қаланың түрлі көшелерінде граффити арқылы бейнеледі. Жазуларда: "Маска тағыңыз!", "Арақашықтықты сақтаңыз!", "Біз біргеміз!" деп жазылған.
Шынымен де, бірлік - вирусқа қарсы күрестің басты тетігі. Біз біргеміз және бұл - кез келген қиындыққа төтеп беруге көмектеседі, - дейді жастар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
42 500 теңге. Тарих қайталана ма?
Өзгелердің жаңалығы