Екі ай мал ұрлаған екі азамат тұрғындарға 14 млн шығын келтірген – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлаушылар ұсталды, деп хабарлайды Altaynews.

Ұлан ауданының 41 және 55 жастағы екі тұрғыны Көкпекті мен Жарма аумағында мал ұрлаумен айналысқан. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыскерлерге қатысты істі аяқтады.

Мал ұрлаушылардың кесірінен алты адам жапа шеккен. Жалпы шығын көлемі 14 миллион теңгеге пара-пар. Күдіктілер 2018 жылы екі ай бойы түн жамылып, өрістен жылқы айдап кетіп отырған. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің шаруа қожалығы бар екені анықталды. Ұрлаған малды сонда жасырып ұстаған. Кейінірек басқа аудандарға апарып сатқан, – дейді облыстық Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.
Департаменттің мәлімдеуінше, бұл іске сот нүкте қояды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы