ШҚО-да ірі жүк көліктерінің жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүруіне тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ауыр салмақты жүк көліктерінің жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүруіне тыйым салынды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
«ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының» мәлімдеуінше, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жүгі бар ауыр салмақты көліктердің жүруі шектелді.
Бұл реттегі бас мақсат – тасжолдардың асфальт жабынын сақтап қалу. Сондай-ақ аталмыш бастамаға аймақтың әрбір тұрғыны үлес қоса алады.
Ірі жүк көліктерінің жалпы пайдаланымдағы тасжолдармен өткеніне куә болған тұрғындар инспекция басшысына (8-701-203-00-59), инспекция басшысының орынбасарына (8-705-441-68-52) және Көлік комитетінің ахуалдық орталығына (+7 708 088 08 00) «Whats App» және «Telegram» мобильдік қосымшасы арқылы хабарлай алады. Хабарлама жолдау кезінде автомобильдің мемлекеттік нөмірін, оқиға орнын және күні мен уақытын, автожол учаскесін, жақын елді мекенді міндетті түрде тіркей отырып, ұялы телефон камерасына түсірілген бейнені де қамтуы керек.