ШҚО-да бүйректің қатерлі ісігіне роботтандырылған ота жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының онколог дәрігерлері онкоурологияда роботтандырылған хирургияны енгізді. Тұңғыш рет бүйректің қатерлі ісігіне роботтандырылған ота жасалды.
Altaynews.kz хабарағандай, мұндай ота ШҚО-да ғана емес, бүкіл Қазақстанда тұңғыш рет жасалған екен. Демек, мамандандырылған онкологиялық көмек аймақ тұрғындары үшін жаңа деңгейге көтерілді деп айтуға болады.
Роботтандырылған адреналэктомия 64 жастағы науқасқа жасалды. Ол оң жақ бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан. 40 минутқа созылған отаны дәрігер Хусан Өмірзақов пен оның ассистенттері Асқар Ибраев және Саян Сағидуллин жүргізді. Қазіргі уақытта емделушінің жағдайы қанағаттанарлық, - делінген хабарламада.Адреналэктомия – өте күрделі хирургиялық ота екенін айта кеткен жөн. Органның гормоналды-белсенді ісіктері кезінде жасалады. Мұндай қатерлі ісік ішкі секреция мен зат алмасудың бұзылуына, гипертензияға және басқа да қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. Ота кезінде безді органға жасалатын манипуляциялардың қыр-сырын білумен қатар эндокринологиялық өзгерістердің ерекшеліктерін де жете білу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде келесі жылы 5 мың шақырымнан астам жол ақылы болады
Өзгелердің жаңалығы