ШҚО-да 14 ауыл мектебі қайта жөндеуден өтеді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Марқа өңірінде орналасқан 14 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өткізіледі.

Бұл туралы Күршім ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқов хабарлады.

Аудан әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, бүгінде Марқакөл өңіріндегі бес ауылдық округіне қарасты 23 елді мекенде 9 мыңнан астам адам тұрып жатқан көрінеді. Оларда орналасқан 21 орта және мектепке дейінгі білім беретін мекемеде 1496 бала білім алып, тәрбиеленуде.

Қазіргі уақытта Марқакөл өңірінде 19 орта, бір өнер мектебі мен бір балабақша бар. Мектептерде жалпы саны 1401 бала орта білім алып жатса, бір балабақшада 95 бүлдіршін тәрбиеленуде. Ағымдағы жылы 14 білім беру мекемесіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді, – дейді Ерлан Шораяқов.

Естеріңізде болса, біз осыған дейін Марқа көлінің жағасында орналасқан Ұранхай ауылында алдағы бірнеше жыл көлемінде апаттық жағдайдаға мектеп ғимаратының жөндеу жұмыстары басталуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз. Бұл осы уақытқа дейін Марқакөл қорығына тиесілі болып келген ауыл орналасқан 69 гектар елді мекен қарамағына қайтарылған соң мүмкін болған. Жалпы құны 350 миллион теңгелік орта білім ғимаратының жобалық-сметалық құжаттамасы жыл соңына қарай дайын болып қалуы да әбден мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы