ШҚО-да 1,5 жыл іздеуде болған қылмыскер ұсталды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан ауданының полицейлері денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізгені үшін 1,5 жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген 52 жастағы қаскүнемнің тұрған жерін анықтады, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ер адам Алматы облысында ұсталды. 2018 жылдың қараша айында оған ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлімі бойынша іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеу барысында қаскүнем құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
Зайсан ауданының полицейлері құқық бұзушының тұрған жерін анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта ер адам Алматы облысы Түрксіб аудандық полиция бөліміне уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп түсіндірді ШҚО ДП бастығы Сағат Мәдиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы