Үш мыңға жуық армян көлігі әлі тіркеуден өткен жоқ – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев "Хабар 24" телеарнасында берген сұхбатында айтты.

Армениядан автомобильдерді тіркеу мерзімі аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда 11 мыңнан астам автокөлік тіркелген, олар армян автокөліктерінің орнына қазақстандық нөмір алған. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашевтың мәліметінше, тағы 3000-ға жуық көлік тіркеуден өтуі тиіс. Сондай-ақ, 6,5 мың оң жақ рөлді автокөлік құралдары туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр және ІІМ бұл мәселені шешуге белсенді қатысуда.  

ІІМ өкілі мемлекеттік органдарды армян нөмірлері бар автомобильдер мәселесіне ерекше назар аударуға мәжбүр еткен бірнеше факторлар туралы айтты.
Біріншіден, олардың көп болғаны соншалық, олар жол-көлік оқиғасы бойынша статистикаға түскен. Мәселен, 2019 жылы Армениядан келген автокөліктердің қатысуымен 2000-нан астам жол-көлік оқиғасы орын алды, оның ішінде 130 оқиғада адам қайтыс болу оқиғасы тіркелген. Оң жақ рөлді автокөлік құралдарына келетін болсақ, ІІМ мәліметтері бойынша, олардың саны 6,5 мыңға жуық. Олардың екі мыңы Арменияда тіркелгенге дейін қайта жабдықталды. Яғни, Арменияда бұл машиналар сол жақ рөлді ретінде тіркелген. Үкіметтің шешімі бойынша аталған автокөлік құралдары арнайы зертханаларда тексеруден өтуі тиіс. Диагноз қойылғаннан кейін, автокөлік қазақстандық жолдарда пайдалануға жарамды ма деген қорытынды жасалады, - делінген ақпаратта. 
Автокөлік иесіне осы автомобильді тіркеу үшін ішкі істер органдары үшін негіз болып табылатын сынақ хаттамасы беріледі. Оң жақ рөлді 4,5 мың автомобиль туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр. Мұрат Баймұқашев 2008 жылдан бастап Қазақстанда заңды автокөлік құралдарын тіркеу шектелгенін атап өтті. 2015 жылы Қазақстан Кеден одағының техникалық регламентін ратификациялады, онда да осы шектеулер тікелей жазылған. Армениядан автокөлік әкелген Қазақстан азаматтары бұл тыйым туралы хабардар еді.

Мемлекеттік органдар автокөлік иелерімен ымыраға келу шешімін іздестіруде. Оң жақ рөлді көліктерді сол жақ рөлді көліктерге қайта жабдықтауға техникалық жағдай жасау үшін жергілікті автоөндірушілер, шетелдік компаниялардың ресми дилерлері тартылуда. ІІМ басшылығы бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр, сондықтан қазір автомобильдердің осы санаты үшін тіркеу мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы