Шөкеев тауық жұмыртқасы экспортын миллиардқа жеткізуді тапсырды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев экспртталатын тауық жұмыртқасы санын миллардқа жеткізуді тапсырды. Бұл туралы ол министрліктің алқа отырысында мәлімдеді.
«Құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 5,6 млрд астам дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Алғаш рет 602 млн дана жұмыртқа экспортталды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. 190 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2017 жылмен салыстырғнда 6,3% көп», - деп баяндады вице-министр Арман Евниев.
Ведомство басшысының «2019 жылы жұмыртқа экспортын миллиардқа жеткізу мүмкін бе?» деген сауалына ҚР жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко бұл нәтижеге қол жеткізу мүмкін екенін айтты.
«Жұмыртқа негізінде қарапайым ақуыз. Сол себепті осыған назар аударып, барлық өңірді қарастыруымыз керек. Қандай көмек қажет, бізге айтыңыздар. Шаралар қабылдаймыз», - деді министр.
Божко Қытай нарығы ашылса бұл мақсатқа жету оңай болатынын айтты.
«Гүлмира Сұлтанбайқызы (ауыл шаруашылығы вице-министрі – авт), тауық жұмыртқасы, еті бойынша да Қытайға шығуымыз керек», - деп тапсырды Шөкеев.
Назерке АБИБУЛЛА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елбасының қатысуымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Өзгелердің жаңалығы