Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстан арқылы өтетін арктикалық суық фронттар қар, боран тудырады, республиканың солтүстік бөлігінде күшті солтүстік-батыс желі соғады. Оңтүстік және шығыс облыстарына циклон Орталық Азия аудандарынан ығысады, оңтүстіктен жылы және ылғалды ауа мен солтүстіктен суық ауаның алмасуынан жауын-шашын, жаңбырдың қарға ауысуымен, кей жерлерде толассыз қар, көктайғақ, екпінді күшті жел, шығыста бұрқасын болады. 

Фронттардың артынан Гренланд теңізінен арктикалық ауада қалыптасқан күшті антициклон келеді, ол республиканың көптеген облысында күннің суытуына әкеп соғады. 

Тек батыс облыстарында ғана Қара теңізден жылы ауа массасының таралуымен температураның көтеріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы