Үш күнге арналған ауа райы: қар жауып, бұрқасын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 14-16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Ресейдің арктикалық жиегі арқылы бірінен кейін бірі циклондар ығысып, атлантикалық жылы және ылғалды ауа алып келеді. Осы циклондардың әсерінен атмосфералық фронттар Қазақстан арықылы жылжып, қар, бұрқасын, батыстан соғатын күшті жел тұрады.Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында бұлтты, жауын-шашынды ауа райы болады, солтүстік облыстарда бұрқасынмен, оңтүстікте – тұман және көктайғақ сақталады. Ауа массаларының батысқа ауысуы, Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасының орташа көпжылдық мәннен жоғары, оңтүстік жартысында нормаға жақын болады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде автокөлік бағасы қымбаттады
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы