Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге, яғни 12-14 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Үш күн бойы Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының алдыңғы бөлігінің ықпалында болады, ол ауа температурасының жоғарылауын тудырады. 

Алайда кей жерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр өтеді. Тек еліміздің шығысында жауын-шашын болмайды, ал түнгі және таңғы уақытта кей жерде үсік және тұман байқалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы