Үш күн ішінде полицияға 307 адам жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Карантин режимінің күйшейтілген түрі енгізілген 28 наурыздан бері полиция департаментіне 307 адам жеткізілген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты.

30 наурыздан бастап карантин режимі күшейтілді. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті инфекция таратылуының алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.Патрульдік жасақтардың саны көбейтілді. Азаматтардың және автокөліктердің қозғалысы қаланың барлық аудандарында қатаң бақылауға алынды.  Полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарып жатыр. Мобильдік топтар, жаяу нарядтар, блок бекеттері жағдайды дрон бақылауға алып отырмыз. Елорда аумағы шаршаларға бөлінді. Соған сәйкес, тәртіп сақшылары қадағалап отыр, - дейді Ержан Сәденов. 

Оның айтуынша, 26 мобильдік бекет қойылды. Олар автокөліктер бойынша жұмыс істеп жатыр. 
Тек кешенің өзінде 1500-ден астам көлік жүргізуші мен 200-ден астам жаяу жүргіншімен профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргіздік. 30 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Жалпы, 28 наурыздан бастап үш түрлі себеппен ғана үйден шығуға болады: Бірінші, азық-түлік алуға, екінші медициналық қызметке жүгінуге және дәрі-дәрмек алуға, үшіншісі жұмысқа баруға. Қалған жағдайда үйден шығуға тыйым салынған. Кәмілікеттік жасқа толмағандарға жалғыз жүруге болмайды. Отбасы мүшелерін қоспағанда көшеде үш адамнан артық бірге жүруге тыйым салынған, - деді департамент басшысы.

Карантин режимінің күйшейтілген түрі енгізілген 28 наурыздан бері полиция департаментіне 307 адам жеткізілген. Оларға әкімшілік жаза қолданылды. 2000 адамға профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы