Үш елдің цифрлы платформаларын біріктіруді көздеп отырмыз – Қазақтелеком

Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Біз үш елдің цифрлы платформаларын біріктіруді көздеп отырмыз. Бұл бизнесті кедергісіз дамуына жағдай жасап, трансшекаралық серіктестікті жеңілдете түседі. Бұл туралы "Қазақтелеком" АО-ның телекоммуникациялық сервис басқармасының директоры Бикеш Құрманғалиева тілшілерге пікір білдіру кезінде айтты.

Оның айтуынша, форум аясында Шағын және орта бизнесті цифрландыруға арналған арнайы сессия отырысы өтеді.

"Бұл қазіргі кезде өте өзекті мәселенің бірі болып отыр. Оның үстіне кәсіпкерліктің ішінде шағын бизнес түрі цифрлы сервистерді көп тұтынады. Сондықтан бүгінгі отырыс барысында барлық мәселелер қаралады. Яғни цифрландыру тұрғысында бизнес үшін қандай бастамалар бар, қандай кедергілер бар екені жан-жақты талқыланады", - дедіол.

Сонымен қатар ол, осы сессия шеңберінде Белорус пен Ресейден келген әріптестерімен үш жақты меморандумға қол қоятындарын жеткізді.

"Біз үш елдің цифрлы платформаларын біріктіруді көздеп отырмыз. Бұл бизнесті кедергісіз дамуына жағдай жасап, трансшекаралық серіктестікті жеңілдете түседі" - деді директор.

Айта кетсек, Алматыда ЕАЭО мүше елдердің Үкімет басшыларының қатысуымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күнтәртібі 2.0.» форумы өтіп жатыр. Оған әлемнің ең ірі IT-компаниялардың құрылтайшылары, халықаралық ақпараттық технологиялық парктердің басшыларымен АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдерініңтехнологиялық индустрия саласындағы 50-ден астам өкілдері қатысуда.

Әділет МҰСАХАЕВ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы