Үш баласы бар азаматтар арнаулы әскери жиынға шақырылмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арнаулы әскери есепте тұрғандар және денсаулығы жарамды азаматтар шақырылады. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты.
Бізде жасы үлкен азаматтар, отбасылық жағдайына және денсаулығына байланысты әскери жиынға шақырылмайтындар бар. Ондай азаматтарды шақырудың қажеті жоқ. Өйткені бізде адам ресурсы бар.Заңға сәйкес әскери жиындардан қорғаныс, тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты мемлекеттік органдарда қызмет ететіндер, авиациялық персонал, егін науқаны кезінде ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер, педагогикалық қызметкерлер, күндізгі бөлімде білім алатындар, әйелдер, 18 жасқа дейін үштен көп баласы бар азаматтар және тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқан тұлғалар, жергілікті атқару органдарының депутаттары босатылады, - дейді Нұрлан Ермекбаев.
Оның айтуынша, арнаулы жиындар әрдайым жылына бірнеше рет өткізіледі.
Өңірлердегі әкімнің бәрінде де осындай жиын өткізу тәжірибесі жеткілікті. Әкімдер денсаулық және отбасылық жағдайын ескере отырып, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен әскери комитеттер арқылы азаматтарды шақырады. Біз өз тарапымыздан өздігімен арнаулы жиынға келгісі келгендерге басымдық беруге кеңес береміз. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты елдегі қиындықты жеңу үшін үлес қосқысы келетін өтінімдер жеткілікті түнде түсіп жатыр. Жастарымыз патриот. Жарлық шыққаннан кейін кеше кештен бері арнаулы жиынға келгісі келетін жастардан өтінім көбейді, - дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында төрт карантиндік бекет жұмыс істейді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы