Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қарашада үш қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сәрсенбіде Қарағанды, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы