Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 наурыз күні еліміздің көптеген қалаларында қалыпты метеорологиялық ахуал болжанады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, бүгін ауа сапасының нашарлауы Нұр-Сұлтан, Петропавл және Өскеменде күтіледі.

Республиканың өзге қалаларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы