Сейсмологиялық орталық тағы да жер сілкінісін тіркеді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында күндіз болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүмпу 26.01.24 ж. Алматы уақыты бойынша сағат 22:00-де (2024 жылғы 26 қаңтарда 16:00:28) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан, - деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,6.

Магнитудасы MPV 4.6.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы