Сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан  282 шақырым  қашықта жер сілкінісін тіркеді

Төтенше жағдайлар министрлігі нің Сейсмикалық станциялар желісі 5 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 06:29:50-де (2024 жылғы 5 наурызда 01:29:50 ГНШ) жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 282 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершоқ.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.4. Магнитудасы MPV 4.4. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,10°. 78,81° шығыс. Тереңдігі 10 км. Қазақстан аумағында сезілу жоқ, - деп жазылған мәліметте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы