Сейсмикалық қауіпсіздік: Алматы табиғи тәуекелдерден қорғауды нығайтады

Алматылықтардың қауіпсіздігі - негізгі басымдық. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Табиғи тәуекелдерді азайту мақсатында 1974 жылдан бері алғаш рет Мохнатка және Горельник тауларында беткейлерді тазарту жүргізілді, 6 мореналық көлде профилактикалық жұмыстар жүргізілді және Есентай өзенінің арнасы нығайтылды. 

Ең маңызды міндет-сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру. 10 916 нысанға сейсмоаудит жүргізілді (1 641 – көппәтерлі тұрғын үй, 9 275 – азаматтық нысан). Ағымдағы жылдың 17 қазанда "Mass Alert" халықты хабардарететін жүйені пайдалана отырып, қалалық сейсмикалық тексеру жүргізілді.  

Жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін 2025-2026 жылдары қосымша 70 сейсмостанция орнатылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы