Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбі елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, кей жерлерде дауыл соғуы мүмкін. Сондай-ақ, бұршақ жауып, тұман түседі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
16 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі ықтимал, орталықта және шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді, кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Алматы, Атырау облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Павлодар, Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.